Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777)29-41-184
Есепші бөлімі:
+7(777)29-41-184
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?
06
март
2023

Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?
  • Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
  • Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
  • Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
  • Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
  • Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
  • Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:
  • Мектепке барғысы келмейді;
  • Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
  • Көңіл-күйі түсіп жүреді;
  • Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
  • Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
  • Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
  • Үйден қашып кетуге тырысады;
  • Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
  • Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
  • Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
  • Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
  • Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
  • Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.
Кибербуллингке тап болғанда:
  • Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
  • Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
  • Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
  • Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.
https://informburo.kz/kaz/kiberbulling-balalardy-leumettk-zheldeg-aupszdgn-alay-amtamasyz-etemz.html

Мекен жайымыз
Алматы облысы Талғар ауданы, Панфилов ауылы, Томаровский көшесі, 9

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru